Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр дертке шалдыққандарға көмектесе бастады

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2022
  • 1094

Қаңтар оқиғасы кезінде жазатайым көз жұмған азаматтардың отбасына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңге беріледі. Қор төрағасы Болат Жәмішовтің айтуынша,  олардың саны-211. Ал қоғамдық ұйым құрылғалы  шотқа 126 млрд теңге жиналды дейді.  Көмек алуға өтініш білдіргендердің дені– дертіне дауа іздегендер көрінеді. Шетелде емделуге ақы төлеу туралы 300 өтініш,    трансплантацияға байланысты 200  өтініш түскен.    Қазір қор орфандық ауруларға шалдыққан  201 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын қарастырып жатыр.  

Болат ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Орфандық ауруларды емдеу медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне жатса да, әртүрлі себептерге байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерде жоқ адамдар бар. Сондықтан орфандық ауруларға шалдыққан 201 баланың және дәрі-дәрмектермен жеке қамтамасыз етуге мұқтаж адамдардың тізімін анықтадық. Қазір құрамында білікті дәрігерлер бар қордың эксперттік комитетімен бірге қордың көмектесуі үшін ұйымдастыру мәселелері қаралып жатыр.

А. Съезбек