Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтата тұратын заңға қол қойды

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2016
  • 3153

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтата тұратын заңға қол қойды. Яғни «Жер кодексіндегі жеке нормалар мен аталған құжатқа өзгертулер енгізу туралы» 2015 жылы қарашада қабылданған заңды қолданысқа енгізуді тоқтата тұру туралы» заң күшіне енбек. Бұл жөнінде  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заң Елбасының «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» жарлығын іске асыруға бағытталған. «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының қолданысы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылады. Тиісінше, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға жалға берілмейді. Бұл мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне де қатысты.

Еске салайық, 6 мамырда мемлекет басшысы Жер кодексіндегі кейбір нормаларға мораторий жариялаған. Іле-шала жер мәселесін талқылауға арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА