Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда департамент басшысы мүгедектерден пара алды деп айыпталды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1129

Мүгедектерден пара алған!  Атырауда еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің директоры  мен бөлім басшысына осындай айып тағылып отыр. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін  30 мың мен 70 мың теңге аралығында  пара алды деп күдікке ілінген.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қазір бұған қатысты тергеу жүргізіп жатыр.  Ведомство тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпараттарды жариялаған жоқ.

Б. Надірқызы