Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлдегі балықтар жаппай қырылып қалды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 2860

Солтүстік Қазақстандағы Бугровое ауылында көлдегі  балықтар жаппай қырылып қалды. Мөңке балығының су бетінде қалқып жүргенін жергілікті тұрғындар байқаған.  Мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады. Жұрт өлген балықтар ысырап болмау үшін, екі күннен бері оларды жинап, малға қорек ретінде пайдаланып отырған көрінеді.  

Галина БУЗУГЛАЯ, БУГРОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын малды суару үшін көл бетіндегі мұзды ойып алатынбыз. Биыл ауылға орталықтандырылған су жүйесі өткізілді. Мұзды ешкім теспегесін балық тұншығып өлген болар.

Көлдің жалпы аумағы 70 гектарға жуықтайды. Тереңдігі -небары бір жарым метр. Қырылып қалған балықтың нақты саны әзірге белгісіз. Сала мамандары қазір оны есептеп жатыр.

Ильдар КӘКІМОВ, СҚО БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұл көл ешкімге жалға берілген жоқ, мемлекеттің меншігінде. Қазір біз өлген балықты зертханалық сараптамаға жібердік. Қорытындысы дайын болғасын неден өлгені белгілі болады. Жалпы, теріскейдегі 500ге жуық көлдің жартысынан астамы жалға берілген.

А. Құрманкин