Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан неге шетелдік мамандарға тәуелді?

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1119

Елімізде  кадрлық тапшылық болуы мүмкін.  Мамандар  осылай дейді.   Бұл өте өзекті мәселе екенін айтады. Жалақыны көбейтіп, жұртты жұмыс істеуге ынталандырса, елімізде бұндай мәселе көтерілмес еді дейді әлеуметтанушы Алмаш Тілесбаева.  
 
Алмаш ТІЛЕСБАЕВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Қазақстанның кез-келген саласында қазір кадр тапшылық мәселесі өзекті, және ол тек қана адам санының жетіспеушілігіне байланысты емес, бірінші кезекте алынған білімнің сапасы дағдыларды пайдалану оларды практика жүзінде асырумен байланысты. Экономиканың әрбір нишасында белгілі бір этностың басым екенін байқайсыз, сондықтан өзбектер болмағанда, біз қазақтар құрылыстың бәрін жасайтын едік деген ұғымның болуы дұрыс емес.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс сұраныстан асып түседі.   Әлеуметтанушының айтуынша, барлық мәселе мамандардың біліктілігі қажетті талаптарға сәйкес келмейтіндігінде, сондықтан біздің компаниялар басқа елдерден мамандарды шақыруға мәжбүр.Бүгінде Электрондық еңбек биржасының мәліметінше, елімізде білім беру, қаржы, ауыл шаруашылығы және жеке қызметтер саласында кадрлар жетіспейді.

Ә. Дүкембаева