Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің өкілеттігі қысқартылмақ

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1035

Үкімет 30-шы тамызға дейін Президенттің өкілеттігін қысқарту туралы заң жобасын Парламентке тапсырады. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин айтты. Оның сөзінше, мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру үшін «ҚР Президенті туралы» конститутциялық заңға және бірқатар өзге же құжаттарға өзгеріс енгізу қажет. Бұл өзгеріс тамыз айында Парламентте талқыланып, жыл соңына дейін қажетті шешімдер шығарылмақ. Министр: барлық заң жобалары халықтың талқысына түседі,- деді. Сондай-ақ, шенеунік мемлекет басшысының туыстары қандай лауазымдарға тағайындалмайтынын да түсіндіріп өтті.

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Жалпы Конституция бойынша Президенттің туған-туыстарына саяси лауазымдарға тағайындалуға тыйым салынады. Саяси лауазымдардың тізімін тізбектей берсек, оның ауқымды екенін білесіздер. Оған әртүрлі рангтегі дипломаттар да кіреді. Ал, бұл лауазымдардың тізімі мен атаулары ашық ақпарат көздерінде бар. Көруге болады.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанның Болгариядағы елшісі Теміртай Избастин, Президенттің жақыны ретінде лауазымды орнын босатуы тиіс. Бірақ, тек қажетті заң қабылданған кейін ғана орнын босатуы қажет. Сондай-ақ, министр жаңадан құрылуы мүмкін партиялар туралы да айтты. Оның ақпаратынша, жыл басынан бері тіркеліп партия құрмақ болған 10 топ болған. Қазір соның 4-уінің құжаттары қаралып жатыр. Осы 4 партияның бірі алғашқы сатыдан өтіп, партия құрудағы жұмыстарын жалғастыру үстінде. Қалған 3-уі әлі тексерілуде, деді.

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Үш партия бойынша "Ел тірегі", "Намыс", қателеспесем "Бәйтеректің" жұмыстары алғашқы саты бойынша жүріп жатыр. Партия құру туралы өтініш берілген соң заң жүзінде тексеріс жүргізілді. Ал бұндай ұйым құру үшін 1000 адамнан мүшесі кем болмауы керек қой. Ал, тізімде жеке куәлік нөмірі қате немесе оған сай келмейтіндері анықталды. Қайтыс болған адамдар да осы тізімде жүр.


Л. Қуанышқызы