Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет мәжілісмендерді қолдамады

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2022
  • 1195

Аз қамтылған отбасындағы балаларға берілетін жәрдемақыны көбейту туралы ұсынысты Үкімет қолдамады. Бұл бастаманы мәжілісмендер көтерген еді. Ақпан айында Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмекті ең төменгі күн көріс деңгейіне дейін өсіру қажет деді. Оған шамамен республикалық бюджеттен қосымша 225 млрд теңге керек болды. Айта кетейік, биылғы жыл - "Балалар жылы" деп аталған болатын. Динара Зәкиеваның айтуынша, мемлекет бақытты балалық шақты қорғау үшін нақты қадамдар жасаған жоқ.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біздің ұсынысымызды қолдамады. Біз отбасыларға кешенді көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысатын отбасы істері жөніндегі басқарманы ашу бойынша жүйелі шешімдерді ұсындық. Өйткені бүгінгі күні 1 145 000 отбасы дағдарыс жағдайында өмір сүріп отыр. Әзірге біз уәкілетті орган, ең алдымен бұл Білім министрлігінің нақты әрекеттері мен нәтижелерін көріп отырған жоқпыз.

А. Съезбек