Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшы: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік бюджетке салмақ түсірмейді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2016
  • 2015

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік бюджетке салмақ түсірмейді. Сарапшы Марат Башимов осылай дейді. Айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесте қандай да материалдық шығындар қарастырылмайды. Еске салайық, осы аптада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңеске 5 тұрақты емес мүше сайлаған. Азия-Тынық мұхиты тобы атынан Қазақстан жеңіске жетті. Келер жылдан бастап еліміз кеңестегі міндеттеріне кіріседі.

Марат Башимов, Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сарапшылық институт директоры:

Әдетте ОБСЕ, өзге де органдарға мүшелік ететін әрбір мемлекет ортақ қазынаға қаражат салады. Қауіпсіздік Кеңесінде олай емес. Ешқандай материалдық шығын көрмейміз. Бәрі де БҰҰ Бас Ассамблеясы есебінен қамтамасыз етіледі. Сондықтан мүшелік ел бюджетіне әсер етпейді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА