Русский Сайттың толық нұсқасы

Министрліктің лауазымды тұлғалары мен «РОП» операторлары 180 млрд теңгені жымқырмақ болмақ

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2022
  • 1228

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары мен  «Оператор РОП» серіктестігінің басшылығы 180 миллиард теңгені ұрламақ болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, олар 6 қалдық өртейтін  зауыттың  құрылысын заңсыз жолмен қаржыландыруды көздеген. Жымысқы әрекеті жүзеге асса, кәсіпорындар 15 жыл бойы мемлекет жоғары тарифпен сатып алатын электр энергиясын өндіруге мүмкіндік алар еді. Алайда, құнды қағазға құныққандардың жоспарын Бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері орта жолдан кесті. Айта кетейік,  утильдік алым мәселесі елімізде жиі көтеріліп жүр. -  Жақында белсенділер алымды алып тастауды тағы да қозғаған  болатын.   Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бүгін осыған қатысты нақты жауап берді.  

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Популистер қалағанынша ұрандата берсін, мейлі акциялар өткізсін, бірақ үкімет индустрияны дамыту үшін жұмыс істеді және жұмыс істеп жатыр.  Әрі қарай да жұмыс істей береміз. Бұл сауалға тереңірек үңілу қажет екендігін наурыз айында айтқанмын. Кімге тиімді? Бұл ең аз жұмыс орындарын құрып, салықтарды төлемейтін импорттаушылар үшін тиімді.

Л. Қуанышқызы