Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жастар жалындаған леппен үлкен өмірге шығады», -Д.Нұржігіт

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2022
  • 1072

Елордалық белсенді жастар  бүгін Сенат  депутаты  Дана Нұржігітпен кездесті. Басқосуда студенттердің  өзекті мәселелері талқыланып,  еркін пікір алмасу болды. Шараны "AMANAT" партиясының  жастар Қанатының елордалық филиалы ұйымдастырған. Мақсат -«Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жастар арасында кеңінен насихаттап,  олардың атқарушы билікке деген сенімін арттыру. Сондай-ақ, жастар мен билік арасындағы кері байланысты нығайтып, өзара диалог орнату.

Арсланбек МАҒЗҰМ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жастармен жұмыс ол өте ауқымды жұмыс. Оның дамуына түрткі болатын бірнеше факторлар бар. Осыған орай біз жастарға ашық форматта сұрақтарын қоюға мүмкіндік береміз.

Ерсұлтан СМАТУЛЛА, СТУДЕНТ:

Осы кешті мотивациялық кеш деп айтуға болады. Осы кеште жастарға өзін артқа тартпай тек қана алға жылжып,  мақсатқа жету керек деген ой түйдім.

Кездесуде көтерілген әр мәселеге қатысты депутат өз пікірін білдіріп, жастардың түрлі сауалдарына өмірлік тәжірибесін мысалға келтіре отырып, жауап берді. Сондай-ақ студенттерге отбасы құндылықтарын ұлықтау, ұлтқа қызмет ету, білім алу, мамандығын кәсіби деңгейде игеру хақысында ақыл-кеңестерін айтты.

Дана НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жастардың бойындағы жігер, жастардың бойындағы ізденіс менің жүрегіме келіп ұялап жатты. Жастар сол үлкен жалындаған леппен үлкен өмірге шығады. Сол өмірден бұларды қарсы алатын біріншіден сапалы заңдар керек. Жасаймын деген ісіне мүмкіндік беретін жағдайды біз жасауымыз керек. Және осы балалардың, жастарымыздың сауатты болуына, білімді болуына ықпал етуіне біздің қауқарымыз жетуі керек ең бастысы.

Ә. Бердібеков