Русский Сайттың толық нұсқасы

«Qnet» халықаралық компаниясы қаржы пирамидасын құрды еп айыпталды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2022
  • 1543

Қаржы мониторингі агенттігі «Qnet» халықаралық компаниясы қаржы пирамидасы деп мәлімдеді. Компанияның Қазақстан аумағында жұмыс істеуге лицензиясы болмаған. Агенттіктің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділовтың хабарлауынша, ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Сонымен қатар, іс фигуранттарының бірі үйқамаққа алынды. Айта кету керек, аталмыш компания бұған дейін бірнеше рет қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған еді.

А. Съезбек