Алматыда 50 жылдық тарихы бар білім ордасынан шу шықты. Келешек олимпиада чемпиондарын даярлайтын Республикалық спорт колледжі жабылмақшы. Мұны естіген ата-аналардан маза қашқан. Олар Министрліктің шешімімен келіспейміз дейді.
Бұл -спорт колледжі мегаполистегі ең іргелі оқу орыны. Жарты ғасырлық мекеме жабылады деп ешкім күтпеген. Ата-аналар жабылатындығы жайында желіден білген.
Айман МЕРГЕНОВА, АТА-АНА:
Менің балам бұл колледжге өз мақсатымен, арманымен 6 кластан кейін түсті. Осыдан кейін уже 7 жыл өтті. Бар өмірін осы колледжге арнап келе жатыр. Қазір осы жағдайды естігеннен кейін баламның сағы сынып, еңсесі түсіп қалды.
Жанатбек ЖОЛДАСХАНОВ, АТА-АНА:
Балалар енді қайда барады осыдан кейін. Олимпиадалық резерв болады дейді. Ондай олимпиадалық резерв салғанға басқа жерлер құрып қалып па.
Ата-аналардың шырылдайтын жөні бар. Студенттер үйреніскен ортасынан ешқайда кеткісі жоқ. Гранттан да айрылғысы келмейді.
Тұнық ҰЗАҚОВА, АТА-АНА:
Бұл шешім балаларымызға ғана емес бізге де бізге де әсер етті. Ұстаздар мен тренерлері де жабырқаулы. Енді не істерімізді білмейміз. Бір ғана талабымыз – колледжге балалар түскен екен, енді осында бітіріп шықсын.
Жанар ЫСҚАҚОВА, АЛМАТЫ қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Білім алушыларды біз осы республикаға бағынышты Каркен Ахметов атындағы мектеп интернат коллеждіне және Шаңырақ микроауданындағы мектеп-интернат коллеждге орналастырамыз. Сол бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа ата-аналардың айтып отырғанындай балаларымыз далада қалады деген әңгіме жоқ.
Мәселенің мән жайын оқытушылар да түсінбей дал. 500-ге жуық тәлімгердің ендігі тағдыры не болары белгісіз. Ал студенттер биыл оқуды осы жерден бітіреді.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Республикалық спорт колледжінде 500 -ден астам шәкірт бар. Оның 75 - і биыл оқу бітіреді. Ал қалғандары Президентке хат жазып, көмек сұраудан басқа амалымыз жоқ дейді.
Ә. Лесбек