Русский Сайттың толық нұсқасы

"Техниканы оқушылардың өздері күтіп ұстамай, бүлдірген",-БҚО білім басқармасы

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2022
  • 1819

Пандемия кезінде батысқазақстандық оқушыларға тегін таратылған планшеттердің үштен бірі істен шыққан. Облыстық тексеру комиссиясының дерегінше, қашықтан оқытуға қажетті компьютер, ноутбук пен планшет сатып алуға Үкіметтік резервтен 2,3 млрд теңге бөлінген.  Қондырғылар көпбалалы отбасы балаларына  уақытша берілген. Бірақ оқушыларға таратылған екі мыңнан астам  планшеттің үштен бірі жарамсыз екені анықталды. Ал облыстық білім беру басқармасының өкілдері сеніп тапсырылған техниканы оқушылардың өздері күтіп ұстамай, бүлдірген дейді.

Ашық АБАТ, БҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Отбасында түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Шарт бойынша жарамды күйде берілген компьютерлік техникаларды жарамды күйінде ұстау көрсетілген болатын. Қазіргі уақытта білім басқармасымен жарамсыз болған компьютерлік техникаларға сараптау жұмыстары жүргізілуде.  


Бұл аздай, аудиторлар интернет тарататын жүздеген вай-фай адаптер оқушыларға берілмей, қоймада шаң басып жатқанын анықтаған. Осыдан кейін бұл құрылғылар да жаппай таратылып, аймақтағы білім ошақтары   қарық болыпты. Адаптер сатып алуға мемлекет қазынасынан 1 миллион теңгеге жуық ақша жұмсалған.

Жанат ҚАДЫРОВ, БҚО ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Аудит бойынша адаптерлер білім беру басқармасының қоймасынан табылып, мектептерге таратылды. Біздің ойымызша, енді ұмытып кеткен болар. 15 мың компьютер тарату бұл да үлкен жұмыс қой енді. Білім беру басқармасының басшысына қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану үшін талаптар қойылды, нұсқама жолданды.

Е. Карин