Ал, Қарағанды облысына қалың қар түсті. Жаздың шуағын күткен тұрғындар кенеттен келген қысқа ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерде жарыса жариялады.
Мынау - Қарағанды облысының Шет ауданы Ағадыр кентіндегі темір жол бекеті. Әлеуметтік желілерге тараған бейжазбалардың бірінде Ақтоғай ауданыда ақ ұлпаға ораныпты. Төтенше жағдайлар департаменті қардың түскенін растады. Десе де ауа райының қолайсыздығынан қандай бір төтенше оқиға тіркелмеген, жолдар ашық болды дейді. Ал "Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, табиғаттың құбылмалы мінезі туралы тұрғындарға алдын ала ескерту жасалған.
“ҚАЗГИДРОМЕТ” РМҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ:
Көктемгі уақытта жауған қар аномальды құбылысқа жатпайды. Сәуірде жаңбырдың қарға ұласуы қалыпты жағдай.Оған солтүстік батыстан келген антициклон түрткі болды. Жылы ауа мен суық ауаның араласқан кезде осылай қар жауады.
А. Қуаш