Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының құрамы жаңартылды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2022
  • 1555

«AMANAT»-қа қосылған «Adal» партиясының мүшелері, саяси шешімге қатысты пікір білдірді. Партияның бірігуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді олар. Сонымен қатар қос партияны интеграциялаудың тиімді тұстарына тоқталды. Ел өзгерісті ертең емес бүгін қалайды. Сондықтан өзгерісті өзімізден бастап, тың идеялар мен жаңа механизмдерді жүзеге асыру мақсатында күш біріктіріп отырмыз дейді Мақсат Толықбай.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Біз осы уақытқа дейін қабылданған көптеген заң жобаларының барлығының ішінде бармыз. Қызыл кеңірдек болып айтамыз. Бірақ бізде дауыс беру құқығы жоқ. Біз өзіміз автор болған талай заң жобалары басқа партиялардың абыройына жұмыс істеп жатыр. Біздің жақсы-жақсы идеяларымыз бар.

Айта кетейік, AMANAT-тың ХХІІІ съезінде партияның саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды.  Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев және Елдар Жұмағазиев партияның саяси бюросына мүше болды.

Ә. Бердібеков