Русский Сайттың толық нұсқасы

"Инфляция әлі де болады",- Ұлттық Банк Төрағасы

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2022
  • 1116

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14%-ке көтерді. Бұндай шешім не үшін  қабылданды, оның халыққа әсері қандай деген сұрақтарға бүгін  Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов жауап берді.    

Ғалымжан ПІРМАТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Инфляция геосаяси жағдайға байланысты айтарлықтай өсті. Бүгінде әлемде және елімізде бағалардың өсуі және инфляциялық қысымның артқанын байқап отырмыз. Мұндай жағдайда инфляцияның жылдық өсуі 12%-ға дейін көтеріледі. Себебі бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр. Бастапқы кезде құбылмалылығы шамалы және тек орта мерзімді кезеңде ғана төмендейтін инфляцияның елеулі түрде өскенін байқаймыз. Мұны 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияға берілген әртүрлі бағалау айғақтайды. Қазір инфляцияға қатысты болжамдар жоғары және тұрақсыз болып отыр.

Ал, экономист Меруерт Махмұтова  инфляция өскен сайын, бағаға  тоқтам болмайды дейді. Айтуынша, елімізде халық тұтынатын заттардың бәрі өзге елден импортталады.

Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ:


Ұлттық банк төрағасының айтып отырғаны, ар жағында қандай шешім айтып тұрғанын көзім жетіп тұрған жоқ. Бірақ үкіметтің мақсаты, инфляцияны төмендетеміз деп, сауда орталықтарына субсидия беріледі. Менің ойымша ол мүлде шатақ саясат, аяғы ол инфляцияны төмендетпейді. Бұл экономикадағы теңсіздікті ұлғайта береді.


Ә. Дүкембаева