Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылуымыз керек - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2016
  • 2614

"Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылуымыз керек". Астана күні қарсаңында өтетін дәстүрлі телекөпірге қатысқан Президент осылай деді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында әдеттегідей тікелей эфирде бірсыпыра кәсіпорын іске қосылды. Басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп орындары. Азық-түлік, тағам, гигиеналық қағаз өндірісі де бар. Раушан гүлдер өсіретін жылыжайдың жылдық табысы да мәлім болды. Мөлдір Бақыт-Қызы тарқатады.

Шикізат бағасына байланған экономиканы құтқарудың бірден бір жолы - дайын өнім шығаратын өңдеуші кәсіпорындар құру. Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы осыны көздейді. Былтырдан бері екінші бесжылдық басталды. Дәстүрлі телекөпірде байқағанымыздай, жеңіл өнеркәсіпке бетбұрыс бар. Биыл 120 жоба іске қосылуы тиіс. Бүгін Президент 8 жобаның тұсауын кесті. Павлодарда голландық раушан гүлін өсіретін «GreenhouseKZ» жылыжай кешені жылына 10 млн  түп раушан өсіреді. Бір тал гүлдің орташа құны 155 теңге. Демек, жылдық табысы 1,5 млрд. 70 адам жұмысқа тартылған.

Раушан гүлдерін кезінде бізден голландтықтар алып кетіп еді. Енді оны қайтадан алып келдік. Қазақстанның барлық жерінде, Астанада сатылып жатыр. Бұл да керек, табыс әкелетін кәсіпорын. 

Президент шетелдік қымбат азық-түлікті алмастыратын отандық өнім шығаруды үнемі айтады. Бұған аграрияның әлеуеті жетеді. Былтыр инвесторлар кеңесінде Алматыда күнбағыс майын шығаратын кәсіпорын қаржылай қолдау тапқан. Енді жылына 120 мың тонна өсімдік майын өндіріп, Орта Азия нарығын "жаулаймыз" деп білек сыбанып отыр. Мұнда 750 адам жұмыс істейді.

Құрметті Елбасы! Біз өндіріс көлемін арттыруға және таяу болашақта Орта Азияға май өнімдерін басты жеткізушіге айналмақ ниеттеміз. Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз.

Бұл өте қажетті өндіріс орны. Қазіргі уақытта өсімдік майы үшін Қытай Халық Республикасының жаңа нарығы ашылуда. Сондықтан келешегі өте зор.


Бұдан бөлек, бүгін Павлодар облысында теміржол біліктерін шығаратын және доңғалақтар жұбын құрастыру зауыты ашылды. Астанада санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін шығаратын зауыт. Петропавл трактор зауыты. Отандық «К-704-4р Батыр» тракторларын шығармақшы. Қазығұрт ауданында тез дайындалатын кеспе өнімдер шығаратын кәсіпорын. Ақтаудағы «Қазақстан Пайп Трэдерс» зауыты. Ол Каспий аймағындағы ерекше технологиялық өнеркәсіптік кешен. Және Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында экокласты К5 мотор майларын өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Бәріне батасын берген Президент Үкіметке тағы бірсыпыра тапсырма жүктеді. Жаппай несие беріп, жұртты жеке бизнес ашуға тартуды тапсырды. Біраз уақыт бұрын "100 бизнес жоба" атты кітап басылып, бәріне бірдей таратылған. Өкінішке қарай, қалың кітап сөреде шаң басып жатқанға ұқсайды деді. Әкімдер мен министрлерді меңзеп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Эта книга под пылью лежит, возьмите, встряхните. Надо найти специалистов районного звена, областного звена, городского звена, прийти в аул, взять эту книгу и научить людей работать, и дать им микрокредит, каждому человеку.

Әлем төртінші ғылыми-техникалық төңкерісті бастан өткеріп жатқанда, инновацияға ден қою қажет. Кез келген ғылыми жаңалықтар әлемдегі әйгілі университеттердің қабырғасында ашылатынын күнде естиміз. Президентті біздің оқу орындары не тындырып жатқаны қызықтырды. Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулер жүргізуге қазынадан 142 млрд теңге бөлініпті. Алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын баспанамен қамту қажет. Ол үшін, "Бәйтерек" пен "Самұрық-Қазынаға" қыруар қаржы бөлінді. Елде арендалық баспана салу қарқын алған. Ол пәтерлер енді меншікке берілмеуі мүмкін.

В будущем нам надо арендное жилье сделать без покупки. Не может покупать гражданин, чтобы мобильность передвижения рабочей силы могла быть. Он может переехать в другой город, в другую область, получить себе арендное жилье. Мы должны такую сеть создавать по Казахстану.

Президент Ұлттық банкке жыл соңына дейін инфляция көлемін 8 пайыздан асырмауды тапсырды. Сөз соңында еңбекқорлығымен аты шыққан өзбек ұлтының мақалын мысалға келтірді. 

Өзбекте мақал бар: «Бекер отырғанша, бекер жұмыс істе» деген. Сондықтан да біз де соны үйренуге тиіспіз. Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылу керек.

Индустриалды инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңі - 2015-2019 жылдар. Осы аралықта  500 жаңа кәсіпорын ашу міндет. Онда 200 мыңдай адам жұмыспен қамтылады. Анекдоттағы жаман аттан құтылуға осы міндеттердің орындалуы да әсер етуі керек. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ