Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бір ауданның халқы ұрлықтың көбейгенін айтып шағымданды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2022
  • 1402

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деген. Шымкентте пәтер ұрылары қасиетті Рамазан айында да айылын жияр емес. Бұл жолы Нұршуақ шағын ауданының тұрғындары шақыртылған ауыз ашарға баруға да қорқып қалдық дейді. Арнамызға арыз айтқандардың сөзіне сенсек ораза айы басталғалы 18 үй тоналған. Жаңа құрылыстағы халық неден қорқады? Әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатады.

Нұршуақ шағын ауданынын үй салған Жанболат Қалдыбаев екі сағаттың ішінде үйін тонап кеткенін айтады. Жылу қазандығын бүлдірмей жұлып әкетіпті. Ұры алыстан келмеген болып тұр дейді ол. Өйткені күнделікті тек екі сағатқа ғана тамақтануға барып- келіп жүрген екен .

Жанболат ҚАЛДЫБАЕВ, НҰРШУАҚ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Одан бері бір участковый инспектор келіп покозание алып кетті, басқа ешқандай вздвиг ештеңе жоқ бұл материал бойынша. Менен бөлек көршілердің айтысы бойынша сегіз эпизод болған осы маңайда сол бір түннің ішінде сегіз эпизод, получается жалпы 9 эпизод.  Ешқандай ешқайсысынан вздвиг жоқ пока.

 
Сол түні тоналған тоғыз үйдің бірі Жанар Аманованың баспанасы. Санаулы күнде көшіп келгелі жүрген отбасында 1 млн теңгенің заты қолды болған. Шұғыл шақыртуға оннан астам полицей келгенімен, әлі нәтиже жоқ деп налыды.  

Жанар АМАНОВА, НҰРШУАҚ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Протокол толтырды. Ештеңкені тындырғанда жоқ, еще күйеуіме айтып кеткен олар: «ол табылмайды-ау, жаңа котел алып қоя беріңіздер, ешқандай зацепка жоқ..» деген сияқты әңгімелерді айтып кеткен. Полицияның өзі сол кезде айтып жатырда мысалы пәлен үйде бір түннің ішінде 10-18 үйде котел ұрланыпты дейді. соны өздері айтып тұрады, еще әрекет жасамайды бұлар ешқандайда.

 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әккі ұрылардан қулық артылмай тұрған секілді. Мәселен, сыртқы есіктің мынадай құлпы мықтыларын аша алмағандар ішке кейбірінен терезе арқылы түсіп жүр екен. Мәселен, құрылысы аяқталмаған бұл үйде бүткіл құрал-саймандарын, жылыту қазандықтарын сыпырып кеткен. Суыққолдылар тіпті көрші  тұрған үйді де сол түні тонап кеткен.
 
Нұршуақтың тұрғындары былтырдан бері ұрлық өршіп тұрғанын айтады. Бірақ ұсталған ұры , қайтарылған зат жоқ деп отыр. Қорқып қалғандары жұмысты қойған. Үйден шықпайтын болдық десті. Тіпті орзадада ауыз ашарға кеткен төрт үй қатарынан тоналды дегенді айтты.

Ерболат МАҚАМАТОВ, НҰРШУАҚ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Күнделікті ұры көбейіп кетті қазір ауылымызда. Ұры ұсталмағаннан кейін, нәтиже жоқ ешқандай. Ұрылар білгенін істеп жатыр.
 
Ұрылар алтын бұйымдар, бағалы заттармен қоса тұрмыстық техника, азық-түлікке дейін ұстап кетіп жатқан көрінеді. Мезі болғандар  учаскелік инспекторымызды танымаймыз десті.

Құрал ТҰНАЕВ, НҰРШУАҚ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Әр жиналыста шақырмыз участковыйды, әртүрлі участковый келеді «мен жаңадан келдім, мен кеше келдім, мен ана жақтан ауысып келдім.

 
Полиция департаментіндегілер елдің арызынан хабардар. Ресми мәлімет бойынша Нұршуақта жыл басынан бері алты пәтер ұрлығы тіркелген. Жіті жүргізілген жұмыс нәтиежесінде соның біреуі таяуда ашылыпты.
 
Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда Полиция департаменті бастығының бұйрығымен, генерал Дәлбековтің арнайы жедел тергеу тобы құрылды. осы жедел тергеу тобы 15 адамнан құрылған. Барлығы криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі мамандары, солар осы қылмысты ашуға бағытталған бірәз жұмыс, ауқымды жұмыс атқарпып жатыр. Бұл жұмыс нәтижелі болады деген үміттеміз. 
 
Департаменттің ресми өкілі учаскелік инспекторлардың тапшылығын да жасырмады. Ал оған ұрыдан қорыққан халық үйінен аттап шықпай амалдауда.
 
А. Төребекқызы