Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚХА-дан Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2022
  • 993

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан ұсынылған Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты. Бұл туралы "Ақ Орда" хабарлады. Мемлекет басшысы дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Ол алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті. Бірақ Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ассамблея квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.