Русский Сайттың толық нұсқасы

"Балалар жылына арналған іс-шаралар көңіл көншітпейді", - Д.Зәкиева

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2022
  • 1769

Биыл балалар жылына орай 47 интернат пен 7 балалар үйі жөнделеді. Мұндай шешім "AMANAT" партиясының жанындағы республикалық қоғамдық кеңесте қабылданды. Дегенмен биылғы "Балалар жылына" арналған шаралардың жоспары кеңес мүшелерінің көңілін көншітпейді. Мәжілісмен Динара Зәкиева балаларды қорғау, олардың өмірін жақсарту үшін нақты қадамдар әлі жасалмай отырғанын сынға алды.  

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әр өңірге 4 миллиардан 13 миллиард теңгеге дейін қаралған. Ол қаражатқа балалардың жолда тегін жүруін, мектептерде түскі аспен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауылдық жерлерде ойын алаңдарын салуға болушы еді. Қысқасы, "Балалар жылына" жоспарланған 50 шараның 10-ы ғана нақты шара. Бұл көңіл көншітпейді.   


Депутаттар биыл жазғы лагерлердің ұйымдастырылуына да сын айтты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев   балалар жылына арналған шаралар тізбегінде өзге министрліктер төбе көрсетпей отыр деді. Оның айтуынша, бұл шараға барлық үкімет мүшелері бірлесе ат салысуы қажет.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Білім және ғылым министрлігінінен басқа, басқа министрліктердің бірде-бір іс-шараларын біз жалпы ортақ жоспарда көріп отырғанымыз жоқ. Президенттің жақсы тапсырмасы бар үлкен іс-шаралар емес, тікелей балалар қолымен ұстай алатын, өзінің езуінен күлкі көретіндей, іс-шаралардың тізбегін көргіміз келеді деді.Ол іс-шараларды жергілікті атқарушы әкімдіктер жасауы қажет еді.


Б. Сатуов