Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Жастар қанатының белсенділері балалар арасында спорт ойындарын бастап кетті

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2022
  • 1412

Әскери жаттығуларға балаларды мектеп жасынанан бастап баулыған абзал. Осыны мақсат еткен «AMANAT» партиясының Жастар қанаты ел аумағы бойынша «Қайсар» әскери-патриоттық спорт ойындарын өткізіп жатыр. Ақтөбелік оқушылар суда жүзуден жарысса, қарағандылық жеткіншектер жеңіл атлетикадан сынға түсті.

Ақтөбелік оқушылар «AMANAT» жастар қанатының ұсынысы қуана қабылдады. Жарысқа білек сыбана кірісті. Екі жылдық карантин кезінде талай спорт сындарынан шет қалған жеткіншектер, бассейнге асыға жиналды.  Жүзу жарысы бойынша барлығы 9 команда бақ сынады. Ұл-қыздар 50 метрге жүзіп, үздіктерін анықтады.

Әнуар ИСКАРИН, «AMANAT» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ:

Жастардың әскери қызметке деген, Отан алдындағы  борышын өтеуге деген қызығушылығын арттыратын шара. Отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелейтін өте маңызды шара.

Қарағандыда  «Қайсар» әскери- патриоттық спорт ойындары жоғары дәрежеде өтті. Өңірдегі мектептердің 10-11 сынып оқушылар арасынан екі жүзге жуық оқушы қатысты. Жас спортшылар қашықтыққа жүгіріп, секіріп, кедергілерден  өтті. Олардың арасынан 40 өрен көзге түсті. Яғни 8 топ іріктеліп алынбақ.

Анияш СЫЗДЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ БЕЛСЕНДІСІ:

Бүгінгі ойынға Қарағанды облысының түкпір- түкпірінен жиналған 10- 11 сынып оқушылары қатысуда. «JAS OTAN» Жастар қанатының мүшелері бұл мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру негізінде бұндай ойындарды ұйымдастырып отырмыз. Бұл ойындардың негізгі мақсаты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Ептілігімен көзге түскендер облыс құрамасына алынады. Олар мамырдың 3-6 күндері аралығында елордада өтетін басты сайысқа қатыспақ.  

Г. Сейтенова, А. Қуаш