Алматы облысында бір үйдің екі баласы суға кетті. 8 жасар қыз бала мен 7 жастағы ұлдың мәйітін мамандар Жандосов ауылындағы суару каналынан алып шықты.
Жер үйлерге жақын орналасқан каналға балалар ойнап жүріп құлап кеткен. Ауыл тұрғындары бұған шенділерді кінәләйді. Тереңдігі 1 жарым метр каналды қоршауды сұрайды.
Мұндағы жұрттың бәрі бұл каналды қауіпті деп санайды. Бұл туралы қанша айттық. Ешкім ешқандай шара қолданбады. Ең болмағанда жан-жағына мықты қоршау салса ғой.
Ал мамандар ересектерге ескерту жасады. Балаларға сақ болуға шақырады.
Игорь ЖУКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Суда қаза болу мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Әсіресе маңайында өзен-көлдері бар тұрғындар балаларға мұқият болуы қажет.
Ә. Лесбек