Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпыхалықтық референдумда бірде-бір жауап нұсқасы белгіленбеген бюллетень жарамсыз боп саналады

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2022
  • 926

Жалпыхалықтық референдумда бірде-бір жауап нұсқасы белгіленбеген бюллетень жарамсыз болып саналады. Ал барлық нұсқаны таңдаған азаматтардың дауысы есепке алынбайды. Сонымен қатар, дауыс беру кезінде  кез келген белгі қоюға ерік беріледі. Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға аталған нақтылау сипатындағы өзгерістерді енгізуді мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жолданды.

Берік БЕКЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді. Бұл норма, өз кезегінде, дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды. Заң жобасын қабылдау теріс және өзге де келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, бюджет шығыстарын талап етпейді.

Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізу ұсынылды.  Референдумның басты мақсаты – аталмыш реформаны жүзеге асыру-асырмау мәселесін ортаға салу.    

БЛИЦ:

- Біз референдумды қолдаймыз. Өйткені бұл өзгерістер баяғыдан бері керек. Әлем  бір орында тұрмайды. Бәрі өзгереді. Жаңашылдық өмірімізге жақсы жағынан әсер етеді деп сенемін.  

- Сайлау боп жатса барамыз. Конечно Қазақстан үшін барамыз ғой. Ол заң халыққа қарай тиімді ма, тиімді емес па сол жағын қарау керек та заңның.

- Жақсы жаққа өзгеру керек. Егер дұрыс таңдау жасалынып жатса, құба-құп.


А. Съезбек