Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда орташа жалақы 285 433 теңгеге дейін өсті

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2022
  • 786

Елімізде орташа жалақы өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар орта есеппен 285 433 теңге айлық алған.  Бұл өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 54,6 мың теңгеге  көп. Ең жоғарғы еңбекақы- Атырау облысында. Онда орташа жалақы республикалық көрсеткіштен жоғары-477 мың 900 теңге. Одан кейінгі орында-маңғыстаулықтар тұр. Облыс тұрғындарының айлығы  33,8 мың теңгеге көбейген.  Ал  2021 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда биыл төрт өңірде жалақы төмендеген.  Нұр-Сұлтан қаласында 3 айда орташа жалақы 391 мың 400 теңгеден 366 мың 500 теңгеге дейін, Алматыда 329  мың 100 теңгеден 327 мың 500 теңгеге  азайған.  Ал Алматы облысы халқының жалақысы  4 мың 600 теңгеге , қостанайлықтардікі 1 мың 900 мың теңгеге қысқарған.

Ә. Бердібеков