Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетіне барды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2022
  • 831

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетіне барды. Ол жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын көріп, университетті ары қарай дамыту стратегиясымен түрлі білім беру жобаларымен  танысты.  Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Президентке ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобалары да таныстырылды, сондай-ақ мемлекет басшысы    энергетикалық ғарыш зертханасында болды. Студенттермен әңгімелесіп, білім ошағының құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Л. Қуанышқызы