Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум халықтың шынайы қалауын көрсетеді

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2022
  • 1493

Қазақстан Халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылымдарының бірлескен отырысы өтті. Басқосуға Қоғамдық кеңес мүшелері мен Ғылыми-сараптама тобы, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиында Мемлекет басшысының республикалық референдум өткізу туралы ұсынысы сараланды. Елордалық Ассамблея мүшелері референдум "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамытудың қисынды жалғасы деп санайды. Бұған дейін негізгі заңға түзетулер парламенттік дауыс беру арқылы енгізілгенін еске салып, биылғы референдум халықтың шынайы қалауын көрсететініне сенімді.

Зулфухар ГАИПОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Уақыт келіп тұр осы өзгерістерді жасауға. Оның бәрін оны Президендіміз де айтты. Оны Парламент арқылы өткізуге де болатын еді. Бірақ мұның бәрін Конституциялық кеңесте, сотта қарастырып, халыққа дұрыс жеткізуіміз керек деп тұр. Қазір енді осы қоғамда пісіп жетілді.


Ә. Бердібеков