Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2022
  • 1527

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті.    Көлік апаты көпшілік көп жүретін жолда, жаяу жүргіншілер жолағында болған. Полицияның дерегінше, адам қаққан  «Hundai Accent» маркалы автокөлігінің жүргізушісі басты жолмен келе жатып, қиылыстан кенеттен  бұрылмақ болған «Nexia»  маркалы автокөлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрып жіберген.  Алайда ол қиылыстағы бағдаршамды және  жолдың жиегінде жаяу жүргіншілердің жолағына шықпақшы болған екі жасөспірімді қаққан. Одан әрі жол жиегіндегі электр бағанына соғып, тоқтапты.  Екі автокөлік те айыптұраққа қойылған. Белгілі болғанындай, көлік астына түскен қос қыз апалы-сіңлілі, бірі -14-те, екіншісі -8 жаста. Куәгерлердің сөзінше, олар мектепте бара жатқан.   Қыздардың біреуі ауруханада, ем алып жатыр. Ал біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылған.

А. Төребекқызы