Русский Сайттың толық нұсқасы

"Халық қаһарманы" атағы берілді

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 1921

Мемлекет басшысының Жарлығымен екіншідүниежүзілік соғыстағы ерлігі мен  қаһармандығы үшін  3 майдангерге Халық қаһарманы атағы берілді. Олар: 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібеков, 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Александр Несмиянов, 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменов. Мемлекеттік награда ерлікпен қаза тапқан батырлардың ұрпағына табысталды.

Л. Қуанышқызы