Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери борышын өтеуге келген жігіт психологиялық диспансерден бір-ақ шықты

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 1608

Әскерге барғанына бес-ақ күн болған  сарбаз психикалық диспансерден  бір-ақ шықты. Туыстарының айтуынша, қызылордалық жас жігіт Отан алдындағы борышын өтеу үшін Шымкенттегі әскери бөлімдердің біріне 23-сәуір күні  келген.  Ал 28-і күні  оның анасына біреулер қоңырау шалып,  «ұлыңыз құмар ойынға салынған, 3 млн теңге қаразы бар,  өз-өзіне қол салмақшы. Тез жетіңіз!, деп хабар беріпті.  Содан анасы Шымкентке жеткен. Гүлнұр Қозыбағарованың айтуынша, ұлы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны үшін  жүйке жүйесі сыр бергендерді емдейтін орталыққа жіберіліпті.  Аяқ астынан болған   жағдайға ол түсіне алмай отырғанын айтады.

Гүлнұр ҚОЗЫБАҒАРОВА, САРБАЗДЫҢ АНАСЫ:
 
Балам айтты «Анашым, маған қоқан-лоққы жасады. 5 бала бір бөлмеге кіргізіп алып, офицерлер мені тыржалаңаш қойып, «мен өлсем ешкімнің қатысы жоқ!» деп тілхат жаздырып алды, - деді. Сосын мен есікті құлыптап қойған соң, мен бұл жерден аман шықпайтынымды біліп, қорыққанымнан жазып бердім деді. Шығып бара жатқан кезімде «сасыма сен, сасысаң өлтіремін!» деп айтты»,- деді.

Ал әскери бөлімдегілер мұның бәрі әр үйдің еркесі болған жастардың әскери өмірге шыдай алмай, үйге қайту үшін жасаған әрекеті деп санайды. Айтуларынша, 155 сарбаздың үшеуі осындай сылтау ойлап тапқан көрінеді. Жүйке жүйесі сыр берді деп емдеуге жіберілген сарбаздың  неліктен өз- өзіне қол салмақ болғанын бізге жасырмай айтты, -дейді бөлім командирі.

Нұркен ҚАРАҒҰЛОВ, ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ КОМАНДИРІ:


Ол бұрын армияға дейін сондай себебі бар екенін айтты. Алматы қаласында март айында осылай әке-шешеммен ұрсып қалған кезде 6-шы этаждан секіріп кетем, секіріп кеткім келген деп сондай айтты. Енді оны әрі қарай психиатрлар анықтайды, сол үшін ол психологический диспансерге жатқызылды. Олар енді бір айдай көлемінде полностью обследование өткізеді, под наблюдением болады.

А. Төребекқызы