Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 1657

Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөз сөйлеп, сардарлар мен сарбаздарды, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Президент егемендік алған кезде әскери әлеуеті мықты армия жасақтауға баса мән бергенімізді, отаншыл әрі кәсіби мамандардың арқасында бұл міндет ойдағыдай атқарылғанын атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстанның Қарулы күштерін нығайтуда Тұңғыш Президенттің еңбегі орасан дейді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Бұл мемлекеттігімізді нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Біз даңқты ерлеріміздің рухына тағзым етеміз. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін жадымызда жаңғырту перзенттік парызымыз. Олардың өмір жолы ұрпаққа үлгі-өнеге бола береді. Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесі құтты болсын!


А. Данияр