Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясына пандемия кезінде 14 мыңнан астам өтініш түсті

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2022
  • 1320

Пандемия кезінде Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясына еңбекшілер тарапынан 14 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 85%- ы оң шешімін тапқан. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері мәлімдеді. Олардың негізгі мақсаты  жұмыссыздықтың алдын алу, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау шаралары болды. Жиынға арнайы келген халықаралық сарапшы Мария Хелена Андре пандемиядан кейінгі кезеңде тиімді шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жалпы бұл дағдарыс денсаулыққа ғана емес, еңбек нарығында да үлкен соққы болды. Бүгінде оның салқыны әлі де байқалып отыр деді.

Мария ХЕЛЕНА АНДРЕ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

Бүгінгі күнге дейін бүкіл әлемде азық-түлік секторында, тауарларды жеткізу тізбегіндегі проблемалар бар. Әрі инфляцияның өсуіне байланысты қаржылық қиындықтар туындап отыр.  Қазіргі уақытта біз азаматтардың тұрақсыз еңбек жағдайларына қатысты проблеманы шешу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Біздің міндетіміз жұмыссыздықтың алдын алу. Еңбек секторындағы әйелдердің, оқуға мүмкіндігі жоқ жастардың проблемаларын шешу кіреді.

Ә. Дүкембаева