Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында автобус аударылып 47 жолаушы аурухана түсті

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2022
  • 2739

Жамбыл облысында автобус аударылып, 47 адам ауруханаға түсті. Оның 4-уі жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апатынан 2 адам бақилық болды.

Нұрбай ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қазіргі таңда ауруханада 16 адам ем алып жатыр. Оның ішінді 4-еуі реанимация бөлімінде. 12-сі хирургия бөлімінде. Кеше кешке 1 пациент қалалық көпбейінді ауруханасына ауыстырылды авиация көмегімен.

Жантүршігерлік жол апаты Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылы маңында орын алған. Қатты жауыннан жүргізуші, бір бағытта жүріп келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Осының салдарынан автобус аударылып оншақты метр жол шетіне ұшып кеткен. Жүргізуші аман, ал оның көмекшісі мен қоғамдық көліктің  19 жастағы жолаушысы оқиға орында қаза тапқан. Автобус Өзбекстаннан шығып Алматыны бет алыпты. Жолаушылардың екеуі отандасымыз, қалғаны Өзбекстан азаматтары. Ішінде кәмелетке толмаған бала да бар болып шықты. Автобус толы жолаушылар қандай мақсатпен жолға шыққаны әзірге белгісіз. Қазір жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Гүлсара МҰҚТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Автобус жүргізушісінің кінәсі дәлелденген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Б. Жұмабайұлы