Русский Сайттың толық нұсқасы

15 жылда 1,5 млн отбасы баспаналы болуы керек

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2016
  • 2506

Кеше Президент Астана күнінің алдында дәстүрге сай, телекөпір өткізіп, 8 өндірісті іске қосты. Индустрияландыру туралы кеңесте берген комментарийлер мен ақпараттардың ішінде тоқталатыны - алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын баспанамен қамтамасыз ету.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Важной задачей должно стать обеспечение доступным жильем 1,5 млн семей в предстоящие 15 лет. Вчера я посетил уникальный домостроительный комбинат, запущенный в Астане по немецкой технологии. За 6 месяцев строится огромный 9-этажный дом. Этот комбинат делает все, вплоть до розеток внутри все уже сделано, стены готовы снаружи и внутри, фасад уже сделан и все детали дома на этом комбинате. Развивать такие производства по Казахстану, строить дешевое и быстрое жилье»

Президенттің айтуынша, қолжетімді баспана құрылысын қаржыландыруды «Тұрғын үй құрылыс банкі» мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы жүргізу керек. Жалға берілетін баспана сатып алуға берілмейді.

  Ол сондай-ақ, ауыл шаруашылығында органикалық таза - қоспасыз, химиясыз өнім шығаратын Қазақстан әлемдік нарықтан орын алуы керектігін айтты. 

 Н.Назарбаев, «жалқау қазақтар туралы анекдоттардан құтылуымыз қажет»,-деді. Айтпақшы, Қырғыз Республикасының басшысы «кезінде мен аула сыпырдым, жүк тасыдым, ешқандай жұмыстың сөкеттегі жоқ. Ұры министр болғанша еден жуған немесе аула тазалаған артық»,- деген орта мектепті үздік бітірген түлектерге мақтау қағаздарын тапсыру жиынында. Бұл жалқаулықтан арылу туралы әңгімемен аздап жанасады. Ал еден жууға бармайтыны анық үздіктермен кездесуде айтқаны қай мәлімдемемен жанасып тұр...