Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2022
  • 1721

Алдағы дүйсенбіден бастап, банктер жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдауды бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтардан құжаттарды екінші деңгейлі бес банк қабылдайды. Жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз, 4 пайызбен, 7 жылға бөліп төлеуге беріледі. Ал автокөлік құны 10 млн теңгеден аспауы қажет. Одан асқан жағдайда несие алушы қосымша қаражатты қалтасынан шығаруы тиіс. Ал таңдалған көліктің бағасы 15 млн. теңгеден аспауы қажет.

Б. Сатуов