Русский Сайттың толық нұсқасы

Әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2022
  • 1559

«Елдің әрбір азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезіну керек». «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы штаб мүшелері жоғарғы оқу орындары оқытушыларымен кездесуде осындай ой түйді. Жиынға қатысқандар алда өтетін референдум аясында пікір алмасты. Сауалдарына жауап тапты. Олар Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландырады дейді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық даму жолында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыратынына сенімді. Сондықтан елді тың серпіліске бастар тарихи шешім қабылданар тұста халықтың бір адамдай атсалысуының маңызы зор деп санайды.

Нұрлыбек МЫҢЖАС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ШТАБ МҮШЕСІ:

Көздеген мұрат - халықты ел басқару ісіне жақындату. Адамдардың құқығы мен бостандығының қорғалуы. Әрібір мемлекет азаматының жауапкершілігі мемлекет алдындағы, тиісінше мемелкеттің халық алдындағы жауапкершілігі. Міне, осының барлығы үйілесімді заңдық негізде жүру үшін бір кісідей осы референдумға атсалысу керек.

М. Тоқтасынқызы