Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 1 жарым жастағы бала 9 қабаттың терезесінен құлап кетті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2022
  • 1738

Павлодарда 1 жарым жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті. Абырой болғанда, бүлдіршін аман. Бірақ, жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Соңғы кезде сәбилердің терезеден құлау деректері жиілеп кетті.  Бірер күн бұрын ғана Елордадағы жағдай жұрттың жағасын ұстатқан болатын.  Бұл ата-ананың жауапсыздығы ма, әлде басқа да себептері бар ма? Тілшіміз Өзгеріс Қуанар осы мәселені анықтап көруге тырысты.

Оқыс оқиға облыс орталығындағы осы көпқабатты үйде болған. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша,   анасы дәретханаға кеткен кезде бала терезеден құлап кеткен.  1 жарым жастағы бүлдіршіннің терезе алдына қалай шыққаны бірақ белгісіз.  

Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
112 номеріне Толстой 90 мекен-жайы бойынша 9-қабаттан бала құлап түскен жайлы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Павлодар қаласының құтқару жасағы жіберілді. Зардап шеккен бала облыстық ауруханаға жатқызылды.

Бала қазір қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер сәбидің жағдайы өте ауыр – дейді.

Ирина ОРСАГОШ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Баланың жағдайы өте қиын. Ауыр дәрежедегі бас ми жарақатын алған. Ішкі органдарына да айтарлықтай зақым келген. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр.

Соңғы бір аптада балалардың терезеден құлау оқиғасы жиілеген. Оның астарына үңіліп жатқандар аз. Елордадағы жағдайдан кейін тіпті кейбіреулер оны ойынға айналдырған.

Ал мамандар мұны  бірінші -ата-ананың жауапсыздығы дейді. Сонан кейін  әлеуметтік мәселемен байланыстырады. Өйткені, қазір адамдардың бәрі жұмысбастылыққа салынып, бала қараусыз қалғанын айтады.

Гүлсім АЯПБЕРГЕНОВА, ПСИХОЛОГ:

Мысалы, 1 жасқа дейін ғана баламен декретте отыруға ақша төленеді. Қазір жастардың бәрі кредитте, ипотекада. Білесіздер бәрі қымбат. Олар вы нужен соған баруға жұмыс істеуге. Жұмыс істеу керек. Ақша табу керек. Отбасын асырау керек деген сияқты. Аналарға 3 жасқа дейін ақша төлесе мұндай жағдай болмас па еді.

Павлодарда соңғы 5 жылда 15 бала терезеден құлап мерт болған. Барлығы да баланы қараусыз қалдырудан туындапты.  

Ө. Қуанар