Русский Сайттың толық нұсқасы

Қосшы қаласында 7 жасар қыз ойнап жүріп көз жұмды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2022
  • 1444

Ақмола облысының Қосшы қаласында 7 жасар қыз ойнап жүріп көз жұмды. Құзырлылардың мәліметінше, түскі уақытта 2015 жылғы қыз және 2014 жылғы ұл бала пештің ішіне кіріп ойнаған. Осы кезде, пештің есігі сыртынан жабылып қалған. Салдарынан 7 жастағы қыз көз жұмды, ал 8 жастағы ұл бала «ауыр дәрежелі гипоксия» диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласының қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша,   баланың жағдайы қазір бірқалыпты.

Ә. Дүкембаева