Русский Сайттың толық нұсқасы

«Зейнеткерлікке ерте шықса, оның зейнетақысы аз болуы мүмкін...», - Е.Тоғжанов

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2022
  • 1780

Егер адам зейнеткерлікке ерте шықса, оның зейнетақысы аз болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Қазір Қазақстанда зейнет жасын төмендету жайы талқыланып жатыр. Тоғжановтың сөзінше, бұл  мәселе терең зерттелуі керек. Бірақ  биылдан қалмай  нақты шешімі шығады деді.  

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір бұл талқыланып жатыр. Жылдың аяғына дейін талқыланатын сұрақтар ол, жақсы ма?

- Сонда келесі жылға жоспарлап отырсыздар ғой?

- Осы жылы жылдың аяғына дейін.

Қазір Қазақстанда ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы -63. Ал, әйелдер үшін- 60 жас.  Бұл 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа жетпек.

А. Данияр