Жыл басталғалы қант бағасы бірнеше есе қымбаттаған. Мұны жауапты министрлік әлемдік тенденция дейді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, елде қант бағасы біртіндеп тұрақталып келеді. Оның үстіне Қазақстандағы 4 зауыт шикізатпен толық қамтамасыз етілген. Алдағы айда өндіріс көлемін шамамен 40-45 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар дейді. Бұл өндірілген қант көлемі ішкі тұтынуды толық қамтамасыз ететініне сенімді.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Қанттың бағасы сәл қатты өседі дегендей бізде болжам жоқ. Негізгі қазіргі тұрақтанып отырған жағдай бойынша әлемдегі бағаларды, мынау өңірдегі бағаларды алатын болсақ сол 400-500 теңгенің арасында болып тұр. Сол баға сақталады деген болжамдап отырмыз. Жылдың аяғына дейін күтіліп отыр, баға тұрақты болады.
А. Данияр