Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2022
  • 1254

Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды. Оның қашан, қалай ұсталғанын полициядағылар ашып айтпай отыр. Белгілісі, жігіт қалалық полиция бөлімінің қызметкері екен.  

Оған қатысты қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша іс қозғалған. Старшинаның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып,  тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан босатылды, полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Г. Сейтенова