Русский Сайттың толық нұсқасы

Tiji мен Nickelodeon қазақша сөйлейді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2022
  • 2013

Әйгілі «TIJI» балалар телеарнасы енді қазақша сөйлейді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Қазір бала тәрбиесінде мультфильмдердің рөлі зор екені белгілі. Ондағы түрлі кейіпкерлер бүлдіршіндерді өзіне дем де баурап алады.  Енді  әлемге танымал «Спанч Боб», «Құтқарушы күшіктер»,  «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» секілоді анимациялық сериалдарды қазақстандық балақайлар өз ана тілінде тамашаламақ.

Мультфильмдерді қазақша дубляждау жұмыстары былтыр басталды.  Қазір «TIJI» -дің  70 процент бағдарламасы- қазақ тілінде.

Жан-Рене ОКУТЮРЬЕ, "GROUPE M6" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз Нұр-Сұлтан қаласына келіп,  "ТиДЖИ" телеарнасын ресми түрде іске қостық. Ол  7 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бүгінде телеарна барлық қазақстандық балалар үшін қолжетімді.  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан қоғамдық даму институтымен серіктестігімізді одан әрі нығайтатын боламыз.

Әсем ҚАЙДАРОВА, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Тікелей эфирдің былтырдан бері 215 сағаты аударылды. Биылғы жылы 70 пайыз каналдың материалдары аударылып дайын тұр. Шілде айынан бастап қалған 30 пайызын аудару жалғасады. Биылғы жоспарда 80 эфирлік сағатты көрсету.


Ал сәуір айында қазақша сөйлеген Николодеон НД арнасы 600 сағат қазақ тілінде хабар таратқан.  Тәулік бойы көрерменге анимациялық фильмдер ұсынатын арнаны ютуб платформасында көрсету мәселесі    қазір қаралып жатыр.   Дегенмен, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы  отандық өнімдерге басымдық берген жөн деп санайды.  

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ  ҚАЙРАТКЕРІ:

Мултьфильмдерде, анимациялық фильдерде былай қарап отырсаң саясат жатыр. Бала кезінен соны миына құю. Сондықтан біздің де фильмдеріміз өзімізді мадақтайтын болуы керек. Осының бәрін ескеретін, осының бәрін оқыған мамандар дайындалса дейміз. Қазақтың жеріне, қазақтың еліне, қазақтың баласына қазықтың рухы керек. Қазақтың рухын оятатын анимациялық фильмдер түсіретін режиссерлар мен сценаристер керек.  

Тағы бір тарап жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік бергенді құп көреді. Тек  ұлттың мәдени кодын сақтауға күш салып, өзіміз де бәсекеге қабілетті өнім шығаруға талпынғанымыз абзал дейді.

Айымгүл ОРЫНБАЕВА, "БОЛАШАҚ" КҚ «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДУБЛЯЖДАУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Екі жақты бірдей дамыту керек. Әрине отандық өндірістің деңгейін көтеруіміз керек. Оған біз өсіп жетілуіміз керек. Бірақ бұл тәжірибе алмасу арқылы да үлкен-үлкен жетістікке жетуге болады. Біз ертең әлемдік кино салаға өзіміздің анимациямызды ұсынатындай деңгейде болуымыз керек.


Өскелең ұрпақты ана тілінде тәрбиелеу -басты мақсат. Қазір телефонға телмірген балалар  үшін тәрбиелік маңызы өте зор, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды насихаттайтын және жас баланың сана сезіміне тиімді пайда келтіретін сапалы туындылар аса қажет.

Ә. Бердібеков