Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық министрлер іс-сапарға қандай санаттағы ұшақтармен ұшады?

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2022
  • 1779

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың екі күндік жұмыс сапарына бюджеттен 10 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бұл қаншалықты рас? Министрлер іс-сапарға шынымен осындай қаржы жұмсай ма? Олар қандай ұшақпен ұшады? Осы туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан сұрап көрдік.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Егер де шұғыл жағдайлар болмаса, егер де бір қандай да бір күйіп бара жатқан нәрселер болмаса, рейстік ұшақтармен ұшуы керек. Енді ол көп дегенде жаңағы ұшақтың авиа керасиніне кететін қаражаттың соммасы деп ойлаймын. Солай ғой…

А. Данияр