Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысындағы Құлсары қаласының экс-әкімі есірткі тасыған ба?

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2022
  • 2708
Атырау облысындағы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі тасыған. Әлеуметтік желіде Қаржау Шарғабаевтың видеосы тарады.   

41 жастағы экс-шенді інілерінің заттарын осымен үшінші рет алып кетуге келгенін мойындайды. Іле-шала бұрынғы әкім әлеуметтік желіде өзінің парақшасына бейнежазба жариялаған. Онда танысының өтінішімен барған кезде әлдекімдердің ұрып-соғып, қорқытып түсіріп алғанын айтады. Қазір полицейлер желіде тараған жазбаға қатысты тексеру жүргізуде.  Айта кетейік, экс-шенеунік 2019 жылы қаңтар-маусым аралығында Құлсары қаласын басқарған, оған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.  Қазір мемлекеттік қызметте емес.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әлеуметтік желіде «Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі заттарын алу барысында ұсталды»,-  деген ақпарат таратылуда.  Ол жерде ұстаған полицей емес. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Б. Надірқызы