Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен өзара жауапкершілік қоғамы болады", - Е.Қарин

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2022
  • 1704

Конституциялық реформаның мақсаты – бүкіл қоғамның мүддесіне бағытталған мемлекет құру. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыда өткен саясаттанушылардың Х съезінде осылай деді. Негізгі заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде елді басқарудың "суперпрезиденттік" үлгісінен классикалық президенттік республикаға түпкілікті көшуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін нығайтуға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ бұл Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктеріне басымдық берілген деді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Реформалардың мақсаты – жеке тұлғалардың емес, бүкіл қоғамның мүдделеріне бағытталған мемлекет құру. Бұл әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру ғана емес, заңдылықты абсолютті деңгейге көтеру. Ең бастысы, Жаңа Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен өзара жауапкершілік қоғамы. Саяси сауатты, популизмге көнбейтін белсенді азаматтар қоғамы.

А. Данияр