Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпыхалықтық референдум – жаңа кезеңнің бастамасы

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2022
  • 1788

Конституциялық реформа еліміздің саяси моделін түбегейлі өзгертеді.  Жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның әрбір азаматы дұрыс таңдау жасап, ел болашағын айқындағаны жөн. Сарапшылардың айтуынша,    конституцияға енгізілетін өзгерістер арқылы  суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшуге, бірқатар билік өкілеттіліктерін қайта бөлуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге болады. Соның нәтижесінде елді басқару ісіне халықтың араласуын арттыруға, азаматтардың Ата заңмен белгіленген құқықтарының механизмін жетілдіруге қол жеткіземіз.  

Нұрмұхамед БАЙҒАРА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы Қазақстанда қазір сапалы сарапшыларға сұраныс өте жоғары. Өйткені мынадай еліміздегідей, қазір реформалар уақыты болып жатқанда саяси өзгерістер болып жатқан кезде, түрлі зерттеу орталықтарына, мемлекеттік органдарға  тіпті саяси партиялардың өзіне барлығына сапалы аналитиктер керек.

Конституция өзгерсе, 20-дан астам заңға түзетулер енгізіледі. Жаңа Қазақстанның алдында қазір үлкен міндет тұр. Сондықтан жалпыхалықтық референдум -ел дамуы үшін ерекше маңызды қадам екенін әрбір адам түсінуі керек.

Мәдина НҰРҒАЛИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Жалпыхалықтық референдум – жаңа кезеңнің бастамасы. Сондай-ақ, "Жаңа Қазақстанның" қалыптасуы партиялық жүйенің дамуымен тығыз байланысты болады. Референдумнан соң тағы да саяси партиялар пайда болары сөзсіз.

Б. Сатуов