Мемлекет
басшысы Рио де Жанейродағы 31-ші жазғы олимпиада қатысушыларына батасын беріп,
көк байрақты табыстады. Қазақстан осы төрт жылдық бәсекеде барлығы 38 спорт
түрінің 26-сы бойынша жолдамаға қол жеткізіп отыр. Риода әлемнің 206
мемлекетінің үздік 10 мың спортшысы тамыздың бесі мен жиырма бірі аралығында бақ
сынамақ. Қазақстанның туұстары 20 жасар таэквондошы Руслан Жаппаров Елбасы
аманатын арқалап, жауапты міндетті мойнына алды.
Мемлекет
басшысы алдағы спорт бәсекесі күрделі жағдайда өткелі отырғанын айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ваши
победы пойдут в копилку авторитета Казахстана, его возможностей. Потому что в
неразвитых странах с плохой экономикой и слабой культурой спорт не может
развиваться. Поэтому я бы хотел, чтобы вы об этом помнили. Вообще, проходит все
это в непростой обстановке, как мы с вами знаем, обстановке в мире и в самой
Бразилии. Обстановка такая со всякими антидопинговыми мероприятиями,
непонятными для многих. Насколько они справедливы или несправедливы. Но все
это не должно вас касаться. Ваша задача - бороться, побеждать.
Ақордадағы
кездесуге келген спортшылар арасында допинг дауында аттары аталған төрт
зілтеміршіміз жоқ. Олардың есімдері алдын ала жасақталған, бірақ бекітілмеген
тізімде де аталмаған. Ауыр атлетикадан құраманың бас бапкері Алексей Ни олар
жарысқа дайындалып жатқанын жеткізді.
Дегенмен Риоға барулары екіталай.
Алексей
Ни, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
Бір
адамның айтқаны бар. Проблемаң болса, оны шеш, шеше алмасаң, ушықтыра берме деп.
Қарап отырған жоқпыз, барлығын дайындап жатырмыз. Оның арасында олипиада
чемпиондары да бар. Қосалқы тізім де бар. Соңғы тізім 11 шілдеде дайын болады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ