Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 300 мың теңге айыппұл арқалаған мектеп директорлары шағымданды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2022
  • 1773

Атырауда мектеп директорлары бас көтерді. Олар ішкі аудиттің қорытындысымен келіспейміз,- деп отыр. Айтуларынша, «мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыздыққа жол бердіңіздер деп,  барлық мектеп басшыларына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Директорлар оны төлеуге қарсы. Сондықтан бірі қалмай  жиналып,  кәсіподақ ұйымынан заңдылық жағынан көмек сұрау үшін  облыс орталығына арнайы келді. Өйткені, мектеп түгілі, аудандық білім беру бөлімінің өзінде мемлекеттік сатып алу маманы да, заңгер де жоқ екен. Сөздеріне сенсек, мектептер сайт жұмысын жүргізу үшін жылына 60 мың теңгеге бір көзден сатып алу бойынша келісім-шарт жасасқан. Оның арты дауға ұласып отыр.  

Сәбит ЕШМҰХАМБЕТОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мектептің интернет сайтына қызмет көрсетуге 18 ақпанда келісім шартқа отырдық. 2 ай қызмет көрсетті, содан кейін договорды тоқтаттық. Ішкі аудит бізге қазір прокуратураның ұсынымыменен 100 АЕК көлеміндеайыппұл салғалы тұр. Енді ол айыппұлды мектеп басшысына салады. Айыппұл деген өте үлкен сумма. Ал енді оны қалай төлейтінімізді, болашақта жұмыс жасауға мүмкіндік болмайтын сияқты.


Роза ДӘУЛЕТОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік мекеменің атқаратын жұмысы ғой мемлекеттік сатып алу деген. Соның өзін 60 мың жалақы алатын есепшісімен бірге атқару деген үлкен жауапкершілік. Бұл жерде қалай еткенде де қате кетеді бізден. Бір көзден сатып алу бойынша, мемлекеттік сатып алудың 41 бабының 1 тармағы бойынша қате жібердіңіз деді. Жалғыз мен емес, облыс бойынша 176 білім беру ұйымы. Бұл бір көзден отыруда кеткен қателік.

Өзге облыстарда мемлекеттік сатып алумен мектеп емес,  білім басқармаларында отырған арнайы маман айналысады екен. Кәсіподақ ұйымы егер тараптар келісімге келмесе, сотқа жүгінеміз дейді.

Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аудиттің азаматтарымен сөйлескенбіз. Олар айтады: «прокуратураның нұсқамасы, келіп жатқан хаттамасына сәйкес»,- деп. «Педагог мәртебесі» туралы заңда айтылған мектептің директоры тәрбиемен және біліммен шұғылдану тиісті. Басқа шаруашылық мәселелері мойынында болмау керек. Өкінішке орай бізде осы мәселе шешілмей келе жатыр. Соңғы 2-3 жылдан бері айтып келе жатырмын мұны барлық әкімшілік те, облыстық  білім беру басқармасы  да біледі, бірақ шешілмейді.

Б. Надірқыз