Русский Сайттың толық нұсқасы

70 мың қазақстандықтың пәтер ақысын мемлекет жартылай төлеп береді

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2022
  • 1492

70 мың қазақстандықтың пәтерақысын мемлекет жартылай төлеп береді.   Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 сәуірде басталған бағдарламаға 13 мыңнан астам өтініш   түскен. Соның 3 мыңнан астамыныкі мақұлданған.  Ал бір мыңнан астам тұрғынның өтініші кері қайтарылған. Жалпы елімізде баспана кезегінде 608 мың адам  тұр. Оның үштен бірі –   әлеуметтік осал топ өкілдері.  

Ләззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға 4 санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады. Бірінші санат – бірінші және екінші топтағы мүгедектер. Екіншісі – мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Үшінші – жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар. Төртінші – көпбалалы отбасылар. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.

А. Съезбек