Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қант бір адамға үш келіден артық сатылмайды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2022
  • 1265

Павлодарда   бір адамға үш келіден артық қант сатылмайды. Бұл-   тапшылықты болдырмау үшін жасалған қадам. Биыл алғашқы жарты жылдықта өңірде азық-түлік бағасы 16 пайызға өскен. Мұны мамандар геосаяси жағдаймен байланыстырады. Қанттың келісі 500 теңгеден асты. Әлеуметтік дүкендерде ғана 369 теңгеден сатылып жатыр. Оның өзінде бір адамға  3 келіден артық берілмейді.

Кәрімжан БАЙСАРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Азық-түлік бағасын күн сайын бақылап отырмыз. Тұрақтандыру қорында 5 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар.  Бағаны тұрақты ұстап тұру үшін тауар өндіруші 7 кәсіпорынға жеңілдетілген несие берілді. Осы арқылы әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерін қымбаттатпау жайында келісім жасалған.


Өңір тұрғындары үшін қырыққабат та қат болып тұр.  Орамжапырақтың құны 400 теңге дейін жетті. Жергілікті билік қымбатшылықты болдырмау үшін Түркістаннан арнайы 22 тоннадан астам өнім әкелген. Соған байланысты баға біршама тұрақтады дейді мамандар. Келісі қазір 190-220 теңгеден саудалануда.

 БЛИЦ:

- Қазір қарап тұрсаң бүкіл продукты қымбат ғой. Обощтар да қымбат. Ет вообще жете алмайсың.

- Бағасы арзан огурцы мен помидор ғана. Қалғандарының бәрі қымбат. Көкеністер өзімдікі ғой. Кішкене арзандау болу керек. Ұн жағы да өзіміздікі. Майларда шығып жатыр. Ет өнімдері де өзімізде шығып жатыр.

- Кішкене арзан болу керек ғой. Кейбір адамның қалтасы көтереді. Кейбір адамдікі көтере алмайды.


Ө. Қуанар