Русский Сайттың толық нұсқасы

Домбыра сабағы Гиннес рекордтар кітабына енеді

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2022
  • 2193

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқу жылын домбыра сабағымен аяқтады. 1032 оқушы қатысқан дәріс "Ең ауқымды домбыра сабағы" атауымен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. Білім алушылар сабақ барысында Сарыарқа, Балбырауын, Еркем-ай, Кеңес, Жастар биі сынды танымал күйлерді орындады. Ауқымды шараны Guinnes World Records-тың сенімді өкілдері бақылады. 25-тен астам стюард пен 2 куәгер кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қадағалап,  рекордтың орнауын қамтамасыз етті.  Мектеп басшылығы бұл сабақты өткізудің негізгі мақсаты балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, Отанға, төл мәдениетімізге деген сүйіспеншлігін арттыру дейді.

Күләш ШӘМШИДИНОВА, "НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ" ДББҰ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Кіп-кішкентай біздің балаларымыз бүкіл дүние жүзіне қазақ деген ел бар екенін, Қазақстан деген мемлекет бар екенін оның домбырасы бар екенін домбыраның үнін күмбірлетіп жеткізіп жатыр. Жалпы бүгін барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу жылының соңы домбыра сабағы өтіп жатыр.


Ә. Бердібеков